Астана Вальсі 阿斯塔纳之歌 (Live) - 迪玛希Dimash 词:Ертай Ашықбаев 曲:Қанат Айтбаев Аяулы армандарды аңсап ұстар Есілден басталатын қанша ағыс бар Барша нұр аймалайды Астананы Қонады Астанаға барша құстар Астанам мәңгілік дастан-ән Жайнаған гүлденіп жас қалам Арайлансын ақ таңың Мәртебелім мақтаным Айбыным абыройым Астанам Шарықтап қуаныштың таныс әні Күлкілер бір-бірімен жарысады Келеді барлық әлем Астанаға Барша жұрт Астанада табысады Астанам мәңгілік дастан-ән Жайнаған гүлденіп жас қалам Арайлансын ақ таңың Мәртебелім мақтаным Айбыным абыройым Астанам Көшелер көктем гүлін тағынады Жастықтың жұлдыздары жағылады Келгендер шаттанады Астанаға Кеткендер Астананы сағынады Астанам мәңгілік дастан-ән Жайнаған гүлденіп жас қалам Арайлансын ақ таңың Мәртебелім мақтаным Айбыным абыройым Астанам Арайлансын ақ таңың Мәртебелім мақтаным Айбыным абыройым Астанам